21 қараша 2017 13:25

Ақтауда ер адам тамырын тіліп, өлім хатын қалдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтауда ер адам тамырын тіліп, өлім хатын қалдырған, - деп хабарлайды "Лада". Хатта ол көршілеріне үндей айтқан.


Ақтауда ер адам тамырын тіліп, өлім хатын қалдырған, - деп хабарлайды "Лада". Хатта ол көршілеріне үндей айтқан.

Қайғылы оқиға Ақтауда 19 қарашаға қараған түні 4 ықшамаудандағы №43 үйде болған. Көршілерінің айтуынша, тамырын тіліп тастаған ер адамды өзімен бірге тұрып жатқан қызы тапқан.  

Жедел жәрдем станциясына шақырту 04:08-де түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын анықтаған. 

"Оқиға орнында хат қалған екен, онда ол көршілерін айыптап, кейбіріне алғысын айтып кеткен. Оны тергеуші тәркіледі", - деп хабарлады көршілері.

Қайғылы оқиға болған үйдің тұрғындары ер адамның өте жайдары әрі ешкіммен жанжалдаспағанын айтып отыр. Соңғы уақытта оның басы ауырып, үнемі ауырсынып жүріпті. 

"Бұлай болады деп ешкім ойламады. Тіршіліктің тауқыметі осыған жеткізген шығар. Ешкім де жайдан-жай өзіне қол салмайды ғой", - деді көршілерінің бірі.

Ер адамның бір қызы бар екені айтылады. Ал әйелімен 10 шақты жыл бұрын ажырасып кетіпті. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін басылым Маңғыстау облыстық ІІД-ге сауалхат жолдапты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети