01 қазан 2018 17:31

Ақтауда менингококк инфекциясын жұқтырған сарбаз ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Ақтауда әскери қызметші менингококк инфекциясымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап.


Ақтауда әскери қызметші менингококк инфекциясымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап.

30 қыркүйек сағат 17.00-де 21 жастағы әскери қызметші № 6656 әскери бөлімнен Маңғыстау облыстық ауруханасына ауыр халде жеткізілді. Ауруханадағылардың айтуынша, науқас жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ол аппарат арқылы тыныс алып жатқан көрінеді.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, әскери бөлімнің медициналық қызметінің басшысы міндетін атқарушының айтуынша, мерзімді қызметтегі сарбаз 27 қыркүйекте медициналық-санитарлық бөлімге барған, ол соңғы үш күнде есінен танғанын, денесінің құрысқанын, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілгенін, басының ауырғанын, басының айналғанын, терісіне бөртпелердің шыққанын, лоқсығанын, әлсірегенін, тәбетінің жоғалғанын айтқан.

Науқастың жағдайы нашарлаған соң ол облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Компьютерлік томография кезінде мидың құрысуы байқалды, науқас аппарат арқылы тыныстады. Алдын ала диагноз "Менингококк инфекциясы, жайылған формасы. Менингококцемия, менингоэнцефалит (ауыр түрі), ІІ дәрежелі ми комасы. Бас миының ісінуі. Науқастың жағдайы өте ауыр. Тиісті шаралардың барлығы қолға алынды. Науқаспен байланысқа түскен әскери бөлімдегілердің барлығы медициналық бақылауға алынды", - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Болат Қаюпов.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети