10 қараша 2021 09:10

"Ақтаудағыдай". Таразда да жасанды қызғалдақтар отырғызылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: lada.kz Фото: lada.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары Таразда Ақтаудағы "Гүл алқабы" инсталляциясына ұқсайтын пластик қызғалдақтар түсірілген кадрларды талқылап жатыр. Жергілікті әкімдік құрылым Таразда бірінші жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Әлеуметтік желі қолданушылары Таразда Ақтаудағы "Гүл алқабы" инсталляциясына ұқсайтын пластик қызғалдақтар түсірілген кадрларды талқылап жатыр. Жергілікті әкімдік құрылым Таразда бірінші жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақтауда осындай пластик қызғалдақтарды жақсы көретін әкім бар. Ол жалғыз емес сияқты. Тараз әкімі де қызғалдақтар отырғызыпты. Олар әлі құламаған, бірақ қауызы жоқ", - деді видео авторы.

Тараз әкімдігі мәліметінше, бұл қондырғыны кәсіпкерлер демеушілік қаражат есебінен қыркүйекте орнатқан.

"Дәл осындай дизайн Ақтауда кейінірек пайда болды. Бұзылу деректері анықталған жоқ. Жауапты ұйым мамандары күн сайын құрылымның бүтіндігін тексереді", - деп түсіндірді қала әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатова.

Еске салайық, Ақтаудағы Ынтымақ алаңындағы көгалдың орнына бюджеттен 15 404 000 теңгеге пластикалық "гүл алқабы" жасалған. Әкімдік мәліметінше, безендіру, жарықтандыру бойынша жұмысты "Clover media group" ЖШС жүргізді, компаниямен Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 16 қыркүйекте келісімге қол қойған.

Кейін Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған "гүл алқабының" сапасыз екеніне шағымданған болатын. "Отырғызылған" пластик қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети