14 қыркүйек 2020 09:45

Ақтөбе облысында анасы мен ұлы өзіне қол салған

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gtrk-vyatka.ru Фото: gtrk-vyatka.ru

Ақтөбе облысы Шұбаршы аулында түнде анасы мен ұлы өз-өзіне қол салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысы Шұбаршы аулында түнде анасы мен ұлы өз-өзіне қол салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

12 қыркүйекте отбасындағы жанжалдан соң 63 жастағы әйел өз-өзіне қол салған. Дереккөздің мәліметінше, ол үйдегі газ құбырына асылып қалған.

28 жастағы ұлы анасын ілмектен алған. Алайда ол болған жағдайға шыдай алмай, өзіне пышақпен қол салған. Оны дәрігерлер құтқара алмаған.

Үйде анасы мен баласы жалғыз болмаған. Онда марқұмның күйеуі мен әкесі және басқа туыстары да болыпты. Жас жігіт өзіне қол салып жатқан уақытта туыстары анасына көмектеспек болып, дәрігерлерді шақырған. 19 қыркүйекте оның үйлену тойы өтуі керек болған. Ол үйге келін түсіріпті.

"Мой город" порталының мәліметінше, қайғылы оқиға болған отбасы полиция есебінде тұрмаған. 28 жастағы жігіт өңірдегі мұнай компанияларының бірінде жұмыс істеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети