19 желтоқсан 2014 16:35

Ақтөбе облысында бір сыныптың төрт оқушысы туберкулез жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ақтөбе облысында бір сыныпта оқитын төрт бала туберкулез жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Мәмбетжановаға сілтеме жасап. Үш балаға өкпе туберкулезінің жабық түрі, ал бір балаға омыртқа туберкулезы деген диагноз қойылды.

Туберкулезді жұқтырған Қандыағаш қаласының №5 мектеп оқушылары. Төртеуі де 9 "А" сыныбында оқиды. Алайда дәрігерлер олардың аурулары бір-бірімен байланысты емес, деп отыр. "Туберкулез флюорография көмегімен жүргізілетін жоспарлы тексеріс кезінде анықталды", - дейді Мәмбетжанова. Мамандардың айтуынша, балалар бұл ауруды жазғы демалыс кезінде жұқтыруы мүмкін, бірақ қайдан жұққанын анықтау мүмкін емес. Қазір 15 жастағы төрт оқушы облыстық туберкулезге қарсы диспансерде емделіп жатыр, олар онда бір жыл көлемінде болады. Олар оқыған мектеп бұрынғы кесте бойынша жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қыркүйегінде Ақтөбеде балабақша тәрбиешісінің көмекшісі туберкулездің ашық формасымен ауырып және ауруды балаларға жұқтырғаны хабарланған болатын. Жаздың басында әйел өкпе ауруынан қайтыс болған, содан кейін балабақша карантинге жабылды. Талдау нәтижелері балабақшада төрт бүлдіршіннің туберкулез жұқтырғанын көрсетті. Олар тубдиспансерге есепке алынды, балалар химиялық препараттарды қабылдауға мәжбүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети