20 қыркүйек 2019 09:41

Ақтөбе облысында жетінші сынып оқушысы өлі табылған

Видео кадры © astanatv.kz Видео кадры © astanatv.kz

Ақтөбе облысы, Қайыңдысай ауылында 13 жастағы оқушы өлі табылды. Сарайда асылып тұрған жасөспірімнің денесін анасы тапқан, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Ақтөбе облысы, Қайыңдысай ауылында 13 жастағы оқушы өлі табылды. Сарайда асылып тұрған жасөспірімнің денесін анасы тапқан, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Жасөспірім мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғалған. Қаза тапқан жасөспірімнің отбасының жағдайы жақсы болған және оның үй жағдайында өз-өзіне қол жұмсау дерегін полиция өкілдері тексереді. 

"Жантәсілім етералдындағы хат болмаған. Оның отбасының жағдайы жақсы, өз-өзіне қол жұмсау дерегі тексеріледі", - дейді Ақтөбе облысының баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Отбасында барлығы төрт бала болған. Қаза тапқан бала ең үлкені болатын. Олар Алматы облысынан қыркүйектің басында көшіп келген. Жасөспірім мектепте оқып жүрген. Оқиғадан бірнеше күннен кейін оның отбасы қайта көшіп кеткен. 

"Ол жетінші сыныпта оқитын. Бір сыныпта 3 оқушы ғана болған. Сыныптастарымен не отбасынмен жанжал болмаған. Сондықтан оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғанын түсіне алмадық", - білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертлеуова.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети