14 наурыз 2017 16:30

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе-Хромтау тасжолында жолаушылар автобусы өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе-Хромтау тасжолында жолаушылар автобусы өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, автобус Ақжар ауылының маңында түтіндеген. Жүргізуші шұғыл тоқтаған. Кейін көлік өртене бастаған. Осы уақытта жолаушылардың барлығы автобус салонынан шығып үлгерген. Әлеуметтік желі қолданушыларының мәліметінше, жолаушылар діттеген жеріне көлік тоқтатып, жетіп алған.

"Бізге өрт туралы хабар түскі бір шамасында түсті. Оқиға орнына ТЖД өкілдері шықты. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Оқиғаның себебі жайлы айту ерте", - деді Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдері.

 

Сгорел автобус Актобе -Хромтау 14.03.2017

Публикация от Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello)

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети