12 қараша 2015 10:22

Ақтөбе облысында мүгедекті кемсіткен әкімге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Ақтөбе облыстық соты мүгедекті кемсіткен ауыл әкіміне айыппұл салды, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбе облыстық соты мүгедекті кемсіткен ауыл әкіміне айыппұл салды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылымның мәліметінше, оқиға 22 қазанда Қызылжар ауылында болған. Жергілікті тұрғын жұмыс сұрап ауыл әкімінің міндетін атқарушы Әлібек Нәкешке барған. Жұмыссыз ер адам көру қабілетіне байланысты ІІІ топтағы мүгедек. Әкіммен сөйлесіп болғаннан кейін ол полицияға шағымданды.

Мүгедек полиция қызметкерлеріне отбасында ешкімнің жұмыс істемейтінін айтты. Сол үшін әкімге барыпты. Шенеунік, оның айтуынша, мүгедексің, жұмысқа жарамсызсың деп жауап берген.

Ал әкімнің өзі оны кемсітпегенін және жұмыстың жоқ екенін айтқанын мәлімдеді. Сот әкімге 19 820 теңге айыппұл салды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети