02 маусым 2016 09:02

Ақтөбеде алтыншы қабаттан құлап кеткен екі жасар қыз аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diapazon.kz © diapazon.kz

Ақтөбеде алтыншы қабаттан құлап кеткен екі жасар қыз аман қалды, - деп хабарлайды "Диапазон". Бала көпқабатты үйдің балконынан құлап кеткен.


Ақтөбеде алтыншы қабаттан құлап кеткен екі жасар қыз аман қалды, - деп хабарлайды "Диапазон". Бала көпқабатты үйдің балконынан құлап кеткен.

Басылымның мәліметінше, дәрігерлер мен куәгерлер қыздың осыншалықты биіктіктен жерге құлап, бірде-бір сүйегі сынбай, аман қалуын нағыз ғажайып деп атап отыр. Қыз жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Оның ішкі органдарына, бассүйек миына зақым келген және иегі сырылған. 

Облыстық балалар ауруханасының өкілдері қыздың жағдайы тұрақты деп бағалап отыр. Ол сөйлейді, тамақтана алады және тіпті ештеңе болмағандай ойнап жүр екен. Оқиға 28 мамырда шамамен 19.00-де Набережная көшесіндегі №80 үйде болыпты. Бұл оқиғаның көшедегі адамдардың көзінше болғаны айтылады. "Балалар осы уақытта көшеде жүрген, көбі шошып кетіп, жылап жіберді. Олар қыздың көзі ақ болып кеткенін және аузынан қан аққанын айтыпты. Қыз қозғалмапты, жыламапты да", - дейді осы үйдің тұрғындарының бірі. Ауладағылар жедел жәрдем жеткенше қызға өздері алғашқы көмек көрсеткен. 

Сонымен қатар, басылым қыздың анасының сөзін келтіреді. Ол оқиғаның мән-жайын айтып берген. "Қонақтар келіп, тамақ жасап жатқанмын. Біз балконның терезесін жапқанда балалар ашып қоймасын деп, оның тұтқасын алып қоямыз. Аяна сол тұтқаны өзі тауып алып, кейін өзі ашпақшы болған да, құлап кеткен. Бізге көршілеріміз хабарласты, сосын терезеге жүгіріп барып, қызымның жерде жатқанын көрдім. Бұл туралы айту маған өте ауыр. Жарақат алған, миы шайқалған, сүйегі сынбапты, бұл нағыз ғажайып, желеп-жебеушісі бар шығар. Ол жерге құлады, онда шөп өскен жер еді. Бірақ тапталған шөп болғандықтан, жер қатты. Құлау жылдамдығын баяулататын жіп те, ештеңе де болмаған. Аяна гипербелсенді бала. Қазір есін жиды, ойын ойнайды, тамақтанады, әлсіз болса да қозғалады", - деді қыздың анасы. Енді олар бұл пәтерде тұрмайтын болыпты, себебі жеке үйге көшеді екен.


© Diapazon.kz

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети