ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2017 | 09:57
Ақтөбеде ата-анасына хат жазған 17 жастағы қыз сегізінші қабаттан секіріп кетті
Ақтөбеде 17 жастағы судент Назерке Нұрболатқызы Әлия Молдағұлова даңғылының бойында орналасқан көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан секіріп кеткен. Қыз гуманитарлық колледждің екінші курсында оқыған. Бастауыш мектеп мұғалімі болғысы келген. Бұл туралы "Эврика" хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде 17 жастағы судент Назерке Нұрболатқызы Әлия Молдағұлова даңғылының бойында орналасқан көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан секіріп кеткен. Қыз гуманитарлық колледждің екінші курсында оқыған. Бастауыш мектеп мұғалімі болғысы келген. Бұл туралы "Эврика" хабарлады.
Қайғылы оқиға 29 мамырда түнгі уақытта болған. "Түнгі сағат 3.00-де қыздың терезеден секіріп кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Қыз жедел жәрдем барғанша қаза тапты, оның ауыр жарақат алғаны белгілі болды", - деп хабарлады басылым тілшілеріне жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.
Белгілі болғандай, Назерке Мәртөк ауданының тумасы, Ақтөбеде құрбыларымен пәтер жалдап тұрып жатқан. Ата-анасы оқиға орнына әлі келмеген. Марқұмды жерлеу рәсімі өз ауылында өтеді.
"Не болғанын да ұқпай қалдық. Бұрыннан бірге тұрып келеміз, Назеркенің бойынан оғаш қылық байқамадық. Үздік оқыды, отбасында немесе достарымен проблемасы болмаған. Ол айтар еді. Біз әрқашан сырымызды айтатынбыз. Дүйсенбі күні түнде ол үйде жоқ еді, ал тағы бір құрбым ұйықтап жатқан. Назерке тұрды да, балконға шықты. Не болғанын ешкім де естімеді. Полиция келгенде ғана ояндық. Ата-анасына обал, қалай шыдар екен мұндай қайғыға. Отбасы өте жақсы", - дейді құрбысы Айнагүл.
Сол түні Назерке ата-анасына sms-хабарлама жазыпты. Онда ол ата-анасын жақсы көретінін айтқан.
"Ата-анасы қызына үнемі келіп тұратын. (...) Тәртіпті, жуас қыз еді. Мұндай болады деп кім ойлаған, оның үстіне ол төменге қарай емес, алға қарай секірген. Ол бұтақтардың үстіне түссе, аман қалар еді, бірақ өзі асфальттың үстіне түсті. Қорқынышты! Бұл жерден айналып өтетін болдым. (...) Шу шыққанда үйден жүгіріп шықтым. Есікті ашсам, полиция келіпті. Істің мән-жайы анықталмайынша, үйден шығуға болмайтынын айтты. Сосын қызды алып кетті", - дейді үйдің консьержі Валентина.
ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытты осы іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
© rikatv.kz/evrika
Показать комментарии
Читайте также