11 қыркүйек 2020 09:05

Ақтөбеде белгісіз біреу онлайн сабақ кезінде балағат сөздер айтқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде белгісіз біреу онлайн сабақ кезінде балағат сөздер айтқан, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".


Ақтөбеде белгісіз біреу онлайн сабақ кезінде балағат сөздер айтқан, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".

Бұл туралы әлеуметтік желілерде оқушылардың ата-аналары айтты.

"Zoom басқа да оқу қосымшалары сияқты кибершабуылдарға ұшырайды. Өкінішке қарай, біз де бұған тап болдық. Ақтөбе қаласы, .... мектеп, 6-сынып. Хат алмасу кезінде балаларға сұмдық хабарламалар жазатын түсініксіз адам пайда болды. Неліктен осы қосымшалар бойынша оқу жалғасып жатыр? Неліктен біздің балалар қорғалмаған? Бала психологиялық зардап шегуі мүмкін немесе қорқып қалуы мүмкін! Оқыту әдістерін қайта қарауды сұраймыз!", - делінген хатта.

Қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлназ Мырзағалиева бұл жағдайдың №17 мектепте болғанын айтты.

"Бұл математика сабағында болды. ZOOM-конференция кезінде бөтен адамн оқушы ретінде конференцияға кіріп, балағат сөздер айта бастады. Мұғалім ол адамды конференциядан өшірді, бірақ ол тағы да басқа атпен конференцияға кірді. Әзірше оның кім болғаны белгісізі. Сондықтан мән-жайды анықтау үшін іс полиция департаментіне жіберілді", - деп түсіндірді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети