25 мамыр 2022 13:44

Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Ақтөбе облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінен Сурет Ақтөбе облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінен

Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 мамырда сағат 14.30 шамасында "102" нөміріне Ақтөбе қаласындағы "Авиатор-3" гараж кооперативіндегі қараусыз қалған нысанды бұзу кезінде граната табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері шұғыл түрде барған. Арнайы бөлімше саперлері табылған граната болжам бойынша, "Ф-1" әскери гранатасы екенін анықтаған. Оған баллистикалық сараптама тағайындалған.

Қазір полицейлер гараждың бұрынғы иесін анықтап жатыр.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети