Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбеде көктайғақтың салдарынан жеті көлік соқтығысып қалды

22 Қазан 2015, 17:01
0
© Лилия Беликова/aktobetimes.kz
© Лилия Беликова/aktobetimes.kz

Ақтөбеде көктайғақтың салдарынан жеті көлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды "Актобе Таймс". Оқиға 21 қазан күні таңертең қаладағы бесінші ықшамаудандағы көпірдің үстінде болған.

Басылымның мәліметінше, жүргізушілер жол апатына кімнің кінәлі екенін анықтай алмай бірнеше сағат тұрған. "ТКШ болжамды білді, қар жауып, көктайғақтың болатынынан хабардар еді, тұз немесе құм сепсе болатын еді ғой", - деп наразылығын білдірді зардап шеккен Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Юрий. "Менің көлігіме қатты зақым келген жоқ, сіздер Lexus-қа қараңыздар. Оның артқы бөлігі жапырылып, бампері "жұлынған". Көлік шыр айналды. Nissan Juke пен Volkswagen Polo автокөліктері де бүлінді. Соңғысын Lexus-ты әкеткендей оны да эвакуатормен әкетті", - дейді ол. Жеті көліктің жүргізушісі темір тұлпарларының сақтандырылғанын айтты. Алайда төлемақының жөндеу жұмыстарына жететініне күмән бар. Жол апатын реттеуге жүргізушілер бір күндерін жоғалтты.


© Лилия Беликова/aktobetimes.kz

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жарты күннің ішінде 35-тен аса жол апатының тіркелгені хабарланған болатын. ІІД ӘПБ мәліметінше, жағдай таңертең тұрақты болды. Таңғы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, 15 жол апаты тіркелді, бұл көрсеткіш басқа күндермен салыстырғанда жоғары. Таңертеңнен бері Астанадағы қатынас қиындады. Тұрғындардың көпшілігі көліктерінің дөңгелектерін ауыстырып үлгермеген. Дөңгелек ауыстыру орындарының қызметкерлері клиенттер санының күрт артқанын айтып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай