06 маусым 2016 13:02

Ақтөбеде қылмыскерлер "Паллада" дүкенінен 17 қару-жарақ алып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі "Паллада" қару-жарақ дүкенінен қылмыскерлер 17 дана оқ ататын қару (3 иір ойықты мылтық пен 14 тегіс ұңғылы қару), 3 газды қару, сонымен қатар, патрондар мен пышықтар ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбедегі "Паллада" қару-жарақ дүкенінен қылмыскерлер 17 дана оқ ататын қару (3 иір ойықты мылтық пен 14 тегіс ұңғылы қару), 3 газды қару, сонымен қатар, патрондар мен пышықтар ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрланған қарулар мен оқ-дәрілердің саны анықталу үстінде. Сонымен қатар, дүкендерде қаруларды түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ІІМ өкілдері кеше болған оқиғаның мән-жайын да айтып берді.

Кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін мәлімдеді. Сонымен қатар, қылмыскерлердің тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды.

ҚР ІІМ өкілдері шабуыл жасағандарды дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушысы депболжап отыр.

Оқиға орнына бірінші болып "Жедел Күзет" ЖШС екі қызметкері келді. Олардың бірі сол жерде қаза тауып, екіншісі оқтан жарақат алған. Осы мезетте "Паллада" дүкеніне полицейлер келіп, нәтижесінде қылмыскер оларға қарумен тойтарыс берген.

Атыс кезінде үш полицей жарақат алды, ал қылмыскерлер патрульдік автокөлікті басып алды. "Бұл дүкеннен 17 дана оқ ататын қару (3 иір ойықты мылтық пен 14 тегіс ұңғылы қару), 3 газды қару, патрондар мен пышақтар ұрланды. Ұрланған қарулар мен оқ-дәрілердің саны анықталу үстінде. Сонымен қатар, дүкенде қаруларды түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді министрліктегілер.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети