Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбеде өртенген мейрамхананың қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланды - БАҚ

21 Маусым 2015, 09:12
0
© Diapazon.kz
© Diapazon.kz

Ақтөбедегі "Ланцелот" мейрамханасында шыққан өрт 700 шаршы метр ауданды қамтыды, бұл туралы "Диапазон" басылымы жазды. Қызметкерлердің айтуынша, өрт ғимараттың екінші қабатынан шыққан.

Өрт сөндірушілер келгенше мейрамхана қызметкерлері өздері эвакуацияланған. Сондықтан да зардап шеккендер мен қаза тапқандар болмады. "Біз басында өртті өзіміз өшіргіміз келіп өртсөндіргішке қарай жүгірдік, дегенмен пайда болған жоқ", - деді қызметкерлердің бірі.

Мейрамхананың тағы бір қызметкерінің айтуынша, сымдар тұйықталып, өрт содан шыққан. Ғимарат иесі пікір айтудан бас тартты. Куәгерлер өртті көрген көрші үйдің әйелдері айғайлай жөнелгенің айтты.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, көрші тұрған үйлерге тарамас үшін олар өртті ауыздықтауды мақсат еткен. "Барлық күшті жақын үйлер мен құрылыстарды өрттен қорғауға жұмсадық. Олар өрт болған ғимаратқа қатты жақын тұрды. Үйлерді құтқара алдық, қазір конструкцияларды талдап жатырмыз", - деді өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары Дархан Қалмұратов.

"15.59-да "Ланцелот" мейрамханасының өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 11 техникасы, 2 "Ақбұлақ" көмекші көлігі және 1 автосаты жеткізілді, - деді өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Айман Күмісбаева. - Өрттің аумағы 700 шаршы метр болды. Өрт 17.47-де ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ".

Басылымның хабарлауынша, ғимараттың маңындағы жолдар кешке дейін жабық болды. Оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру машинасы мен полицейлер қалды. Еске сала кетейік, өрт мейрамхананы толықтай жойып жіберді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай