03 қаңтар 2022 12:59

Ақтөбеде Toyota қар тазалағыш КамАЗ-ға соқтығысты: жүргізуші қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі. Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысындағы тас жолда Toyota Alphard жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қар тазалағыш КамАЗ-ға соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысындағы тас жолда Toyota Alphard жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қар тазалағыш КамАЗ-ға соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"3 қаңтарда Самара-Шымкент тас жолындағы Алғын ауданы Қайыңдысай ауылының маңында Хобда ауылынан Ақтөбе бағытына қарай жүріп келе жатқан Тоуота Аlphard автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, КамАЗ қар тазалағыш көлігімен соқтығысты", - деп хабарлады полиция.

Апат салдарынан Toyota Alphard көлігінің 46 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, 5 жолаушы, оның ішінде екі бала Ақтөбедегі емдеу мекемелеріне жатқызылды.

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі ұсынған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети