09 маусым 2016 09:12

Ақтөбедегі қайғылы оқиғалардың алғашқы секундтары түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі қайғылы оқиғалардың алғашқы секундтары түсірілген видео пайда болды. Ролик Instagram желісіндегі aktobe_zello аккаунтында болды.


Ақтөбедегі қайғылы оқиғалардың алғашқы секундтары түсірілген видео пайда болды. Ролик Instagram желісіндегі aktobe_zello аккаунтында болды.

Кадрлардан "Паллада" қару-жарақ дүкенінің алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен лаңкестердің атысып жатқанын көруге болады. Еске салайық, бұл атыс кезінде үш полицей оқ жарақатын алып, қылмыскерлер патрульдік полиция көлігін айдап әкеткен еді.

5 маусымда діни радикалдар тобы екі қару-жарақ дүкеніне, кейін әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 7 адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. Тағы 37 адам жарақат алды. Антитеррористік операция кезінде 13 қылмыскердің көзі жойылып, тоғызы ұсталды. Алтауы әлі іздеуде жүр.

Бұл шабуыл теракт болып танылып, Ақтөбеде 40 күнге террористік қауіптің "қызыл" деңгейі белгіленіп, ал Қазақстан бойынша "сары" деңгейі енгізілді. Ақтөбедегі терактінің салдарынан қаза тапқандарға байланысты Қазақстанда 9 маусым ұлттық аза тұту күні деп бекітілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети