Алматыда өлтірілген караоке-бар қожайынының жесірі үкімге қатысты пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өлтірілген караоке-бар қожайынының жесірі үкімге қатысты пікірін білдірді Отбасы мұрағатынан алынған сурет

Алматыда өлтірілген караоке-бар қожайыны Бек Турекеевтің жесір әйелі үш сотталушыға қатысты шыққан үкімге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өлтірілген караоке-бар қожайыны Бек Турекеевтің жесір әйелі үш сотталушыға қатысты шыққан үкімге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ләззат Нұрымова соттың шешіміне көңілі толатынын айтты.

"Мен сотталушыларға қатысты қозғалған баптың сол күйі қалып, олардың 15 жылға сотталуымен келісемін. Соттың біткені жақсы болды. Сот отырыстарынан моральдық тұрғыда шаршадым, әрбір сот отырысы маған ауыр тиетін. (...) Бек екеуміздің баламыз үшін әрі қарай өмір сүру кереко", - дейді Ләззат Нұрымова.

Бүгін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында караоке-бар қожайыны Бек Турекеевті өлтірді деген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты.

Осыған дейін мемлекеттік айыптаушы күдіктілерді 15 жылға, ал қызды бір жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын. "Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды және жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал кейінірек өлтірілген бизнесменнің жесірі прокуратураға арыз жазған болатын. "Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,7,9 бөлітеріне ауыстыруын сұраймын. Яғни, "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан" қылмысқа өзгертуін сұраймын. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысты басқа да адамдардың (екі жігіт пен бір қыз) жауапкершілікке тартылуын талап етемін", - делінген еді Ләззат Нұрымованың прокуратураға жазған хатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети