30 қараша 2023 11:18

Алматы әкімдігі хостелге қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі 13 адам қаза тапқан хостелге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі 13 адам қаза тапқан хостелге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасамаған.

Студенттерден бұл хостелде тұруға өтініш түскен жоқ, студенттерді хостелге орналастыру шаралары жасалмаған", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Фото Tengrinews.kz

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.

Алматыда өрт шыққан хостел бұрын қандай болған? Суреттер

Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған. Өртті сөндіруге Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.

Үкімет хостелдегі өртті тергеу бойынша комиссия құрды. Сондай-ақ, өрт дерегі бойынша қылымыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети