Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматы әуежайында 50-ге жуық рейс кешіктірілді

24 Желтоқсан 2014, 15:45
0
©Static.headline.kz
©Static.headline.kz

Алматы әуежайында 49 рейс ауа райының қолайсыз болуына байланысты кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы Әуежайы" АҚ анықтама қызметіне сілтеме жасап.

Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы әуежайына "Эйр Астана" әуе компаниясының Сеулден, Жезқазғаннан, Қарағандыдан, Ақтөбеден, Үрімжіден, Мәскеуден (екі рейс), Павлодардан, Душанбеден, Ташкенттен, Делиден, Өскеменнен, Қызылордадан, Бакуден, Дубайдан, Санкт-Петербургтен, Бішкектен, Амстердамнан және Астанадан (үш рейс) ұшып келетін ұшақтары кешіктіріліп жатыр. Лондоннан келетін рейс 45 минутқа, Франкфурттен келетін рейс 2 сағатқа, Шымкенттен келетін рейс екі сағатқа кешікті. Рейстердің кідірген уақыты - 1 сағаттан 19 сағатқа дейін.

Мұнымен қатар, тұманнан SCAT компаниясының Алматы әуежайына Көкшетаудан, Семейден, Пхукеттен және Өскеменнен ұшып келетін рейстерінің де кестеде көрсетілген уақыты өзгерді. Шымкенттен рейс 4 сағатқа, Ақтаудан 3 сағатқа кешігіп жетті. Сонымен қатар, KazAirJet әуе компаниясының Астанадан ұшып келетін рейсі кешігіп жатыр, Transaero әуе компаниясының Мәскеуден келетін екі рейсі мен Turkish Airlines әуе компаниясының Стамбұлдан келетін рейсі кешігіп жатыр.  

Мұнымен қатар, ауа райының қолайсыздығына және ұшып келу кестесінің жылыстауына байланысты Алматы әуежайынан "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы - Үрімжі, Алматы - Бангког, Алматы - Өскемен, Алматы - Қызылорда, Алматы - Астана, Алматы - Бішкек, Алматы - Атырау, Алматы - Қазан, Алматы - Шымкент, Алматы - Қарағанды рейстері және Алматы - Сеул бағытындағы тағы екі рейс ұшып кете алмай жатыр. Сонымен қатар, KazAirJe әуе компаниясының Астанаға, SCAT әуе компаниясының Қостанайға және Asian Airlines әуе компаниясының Сеулге кететін ұшақтары кідіріп тұр. Осылайша Алматыдан барлығы 15 рейс ұшып кете алмай жатыр. Олар 30 минуттан 5 сағатқа дейін кешікті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай