24 қараша 2020 13:01

Алматы әуежайында бармен мен жолаушының төбелесі видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы әуежайында бармен мен жолаушы арасында төбелес шықты. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әуежайында бармен мен жолаушы арасында төбелес шықты. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы Facebook желісіндегі "Алматы. Хочу похвалить, пожаловаться" парақшасында жарияланды.

"Видеода Алматы халықаралық әуежайының Бахтияр есімді бармен қонақтан үстел ала жөнеліп, қашып барады. Бұл оқиға кеше сағат 11.00-де болды. Видеолардың бірінде Бахтиярдың әуе желісінің қызметкерін шақырғаны көрінеді. Ол қонақ рейске кешігіп қалмауы үшін қызметкерді шақырған. Қызметкерлерде қонақтардың тамақ ішетін жерде ұйықтауына тыйым салатын қаулысы бар. Алайда қонақ қызметкерді балағаттай бастаған", - делінген хабарламада.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, 23 қарашада Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне қауіпсіздік қызметінің инспекторынан әуежайдың күту залында екі ер адамның арасында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Тексеру кезінде көлік полициясы төбелес шығарғандарды анықтады. Олардың әуежайдың тамақтану орнына келген 30 және 31 жастағы жолаушысы мен бармен екені белгілі болды.​ ​Алматы - Ақтау бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы күту залында отырып, бар креслосында ұйықтап кеткені анықталды. Бармен ұйықтап жатқан жолаушыны оята бастағанда ол наразылық білдіріп, балағат сөздер айта бастаған. Жанжал төбелеске ұласқан", - деді департаменттегілер.

Ол кезде ер адамдардың бір-біріне ешқандай шағымы болмағаны айтылады.

"24 қарашада сағат 00.11-де мекеменің иесі мен бармені жолаушыға қатысты құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тарту туралы полицияға арыз берді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жолаушыда жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды", - деді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети