1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматы - Қордай тасжолында Toyota Land Cruiser мен жүк көлігі жол апатына ұшырады

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы - Қордай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Toyota Land Cruiser жүргізушісі Mercedes маркалы жүк көлігімен соғысып, салдарынан екі көлік өртеніп кеткен. Бұл туралы Instagram желісіндегі police.kz парақшасында жарияланды.

Полиция мәліметінше, жол апаты 27 мамырда шамамен сағат 23.00-де Алматы - Бішкек автожолында болған. Toyota жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, тасжолдың 137-шақырымында көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соғысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ I ПРОИСШЕСТВИЯ (@police.kz)

"Жол апаты салдарынан екі көлік те өртеніп кетті. Toyota Land Cruiser-100 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен ондағы екі жолаушы бірнеше жарақат алды. Олар Қордай аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Алматы облысының полиция департаменті.

Жол апаты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!