04 желтоқсан 2023 11:02

Алматы маңында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды: полиция мән-жайды айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға видеоға түсіп қалған.


Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға видеоға түсіп қалған.

Видео авторының айтуынша, төрт жасөспірім ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген көрінеді.

Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көрсетілген.

Алматы облыстық Полиция департаменті мәліметінше, төбелес шығарғандар Жәпек батыр ауылындағы мектептердің бірінің оқушылары.

"Бұл факт аудандық полицияда ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелген. Тексеру барысында 29 қарашада 2008 жылғы 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушіліктер туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды. Бұл факт бойынша бұзақылық әрекеттер жасаған оқушылар жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, психологтармен профилактикалық тәрбие жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Полиция төрт жасөспірімнің ауруханаға жатқызылғанын растаған жоқ. Ведомство мәліметінше, төбелес кезінде екі адам зардап шеккен, бірақ жеңіл жарақат алғаны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети