Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі бүгін, 9 тамызда сағат 14.44-те тіркелген.
"Алматыдан 185 шақырым-жерде солтүстік-шығыс бөлігінде Панфилов ауданының аумағында жер сілкінісі тіркелді. Энергетикалық класы - 9,4, тербелістің магнитудасы - 3,6. Жерасты дүмпулері 0,5 шақырым тереңдікте болды. Қоңырөлең ауылында 2 балдық жер сілкінісі сезілгені жайлы мәлімет бар", - делінген ТЖД хабарламасында.