Бұрын мас күйінде көлік жүргізіп көзге түскен шенеунік Ақтау әкімінің орынбасары болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әсет Шопанов. Фото: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі Әсет Шопанов. Фото: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтауда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Әсет Шопанов келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Әсет Шопанов келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ол еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған. 2003-2018 жылдар аралығында Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарған.

2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2020-2022 жылдары осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарса, 2022-2024 жылдары басқарма басшысы болған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 2024 жылғы мамырдың аяғында Әсет Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Ол кезде ол Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарған.

Кейін Маңғыстау облысы әкімдігі Әсет Шопановқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer