14 қыркүйек 2015 09:15

Алматы метросында қызметке көңілі толмаған жолаушы шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Алматы метросында белгісіз жолаушы эскалатордың жұмыс істемей тұрғаны үшін шу шығарды. Оқиға бірнеше куәгердің көз алдында болды, олар оқиғаны видеоға түсіріп алды. Ролик таяуда YouTube видеохостингі мен әлеуметтік желілерде пайда болды.

Метро қызметкерлері мен жолаушының қақтығысының қашан болғаны анықталмады. Кадрларда жігіттің қызметкерлердің бірін тәртібі үшін жұмыстан шығарып жіберетінін айтқаны естіледі. Ол айғайлап, қосымша эскалаторды қосуды бұйырып, ұрысады. 

Алматы метрополитені бұл жайтқа қатысты әзірше түсінік берген жоқ.

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети