25 тамыз 2014 10:07

Алматы облысында екі жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Google Maps ©Google Maps

Алматы облысында магнитудасы 4,3 және 4,1 болатын екі жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Сейсмологтердің мәліметінше, магнитудасы 4,3-ке тең сілкініс 24 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 23.15-те болды. Зілзала ошағы 25 шақырым тереңдіктен анықталды. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырымда болған.

Жарты сағаттан соң магнитудасы 4,1 болатын екінші жер сілкінісі алғашқы тербеліс ошағынан бір шақырым қашықтықта тіркелді. Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 16 тамыз күні Алматы маңында магнитудасы 5,2-ге тең жер сілкінісі болған еді. Оның эпицентрі оңтүстік астанадан шығысқа қарай 41 шақырымнан анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети