10 қараша 2019 19:23

Алматы облысында жоғалған 14 жастағы оқушы жалдамалы пәтерден табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жоғалған 14 жастағы оқушы қыз табылды. Ол Алматыда жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің өкілдері. 


Алматы облысында жоғалған 14 жастағы оқушы қыз табылды. Ол Алматыда жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің өкілдері. 

Ведомстводағылар қыздың 7 қарашада жоғалғанын еске салды. Ұйғыр аудандық полициясының кезекші бөліміне Үлкен Ақсу ауылының 37 жастағы тұрғыны хабарласып, 2005 жылы туған қызы Нигара Кадирдинованың жоғалып кеткенін айтқан. Бойжеткенді іздестіру үшін аудан полициясының жеке құрамы мен еріктілер жұмылған.

Қызды табуға оның туыстары мен еріктілер көмектескен. 

"Қызды қызметкерлеріміз кеше Алматыдан тапты, сөйтіп, оны Шонжы ауылындағы үйіне қайтарды. Қазір ол туыстарына табысталды. Қыз Интернет арқылы танысып, араласып жүрген жігітіне қашып кетіпті. Қызбен ювенал полицейлері алдын ала әңгіме жүргізіп, тізімге алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети