07 желтоқсан 2019 18:11

Алматы - Өскемен тасжолында алты автокөлік соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Өскемен тасжолында жаппай жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы - Өскемен тасжолында жаппай жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдың 182-шақырымында алты автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Toyota Land Cruiser, екі Mercedes-Benz, BMW, Mazda және "Нива" көліктері соқтығысты. "Барлық көліктер Алматыға қарай бет алған, алайда бірінің артынан бірі соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шекті, олар Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_almaty (@kris_p_almaty)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети