12 ақпан 2021 17:41

Алматы тауларында жоғалған ер адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы тауларында жоғалып кеткен туристің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.


Алматы тауларында жоғалып кеткен туристің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

2021 жылғы 12 ақпанда сағат 14:30-да іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде "Шымбулачка" шатқалында 1981 жылы туған ер адамның жансыз денесі табылды.

Құтқару операциясы ауа райының нашарлығына байланысты жаяу түрде тәулік бойы жүргізілді. Сондай-ақ, "Қазавиақұтқару" мекемесінің КА-32 әуе борты да іздестру жұмыстарына дайындалды. Алайда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты тікұшақты әуеге көтеруге мүмкіндік болмады.

"Іздестру жұмыстарына ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар қызметкерлері және дүлей зілзала қауіп-қатерін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың ұшқышсыз басқару аппараты қолданылды. Құрылғы теңіз деңгейінен 5 мың 300 метрден астам биікке 5 мәрте көтерілді. Іздестіру барысында ұшқышсыз басқару аппараты арқылы адамның құлаған ізі байқалған. Осы арқылы құтқарушылар жоғалған адамның болжамды іздестіру аумағын белгіледі. Кейін альпинистік жабдықтар мен жіптерді қолдана отырып, құтқарушылар шатқалға түсті. Көшкін қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта зардап шегушіні тасымалдау жұмыстары жүріп жатыр. Мәйітті қалаға жеткізу шамамен 3 сағаттан аса уақытты алуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тауларында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети