12 ақпан 2021 13:02

Алматы тауларында турист жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы тауларында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы тауларында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да "112" пультіне 1981 жылғы азаматтан оның "Шымбұлақ" шыңына көтеріліп, бағдарын жоғалтқаны және өз бетімен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Алматы қаласының құтқару қызметінің 5 іздестіру-құтқару жасағы, оның ішінде 2 кинологиялық есеп, сондай-ақ "Шымбұлақ" ТШК құтқарушылары дереу жіберілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелердің  құтқарушылары, "109 құтқару қызметі", медициналық қызметтер мен Алматы қаласы әкімі аппаратының қатарынан Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды. ТЖ және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталықтың өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды", - делінген хабарламада. 

Қазавиақұтқару КА-32 әуе борты (тұман, уақытша ұшу мүмкіндігі жоқ) әзірлікте тұр.
Бірінші күннен бастап іздестіру жұмыстары қалың тұман, қатты жел, дымқыл қар, нөлдік көріну жағдайында жүзеге асырылды. Құтқару жұмыстары 3200 м астам биіктікте, көшкін қаупі жоғары аумақта жүргізіліп жатыр.

"Жедел-құтқару топтары Шымбұлақ шыңын, жанасып жатқан жотаны, Шымбұлақ өзені бойындағы шатқалды, сондай-ақ Богданович мұздығының ауданын және Талғар асуын қарап шықты. Осылайша, жақын маңдағы елді мекеннің барлық жағынан іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығына және көшкін қаупіне қарамастан, құтқару жұмыстары тоқтатылмайды.

Ер адам өзінің орналасқан жерін жібере алмауына байланысты, Алматы қаласы ТЖД қосымша Билайн және Теле-2 ұялы операторларына соңғы геолокацияны анықтау бойынша сұраулар жолдады. Нәтижелері бойынша соңғы іс-қимылдың күні мен уақыты 2021 жылғы 11 ақпан сағат 18:29-да Beeline ұялы байланыс операторы арқылы "Шымбұлақ" базасы тіркелді", - деді ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Бүгінде іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 60-тан астам адамы, ТЖМ, РЖҚЖ, АМО, ҚҚ аумақтық бөлімшелерінің 11 техникасы жұмылдырылды. Жақындарының айтуы бойынша жоғалған азамат көк күрте, сұр бас киім мен бәтеңкеде болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети