Алматы түбінде табылған баланың әкесіне қатысты сот отырысы басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шығыс айналма автожолында өз баласын таспен ұрған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шығыс айналма автожолында өз баласын таспен ұрған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына Мұрат Асқароғлы келді. Осыған дейін ер адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") айыпталып жатқаны хабарланған еді. Алайда кейінірек ол баптың ауыстырылғаны (99-баптың 3-бөлігі "Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан") белгілі болды.

Асқароғлының адвокаты Нұрлан Үстеміров істің қайта квалификацияланғанын білмегенін айтады. Адвокат іс материалдарымен танысуға уақыт беруді сұрады. Сондықтан сот отырысы басқа күні өтеді.

"Көрпеге орап, ағаш түбіне тастап кеткен". Алматы маңында баланы көлік қағып кетті

Еске салайық, 2018 жылдың шілдесінде Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын.

Кейінірек ол сотта санкция жайлы айтылып жатқанда жылап жіберген еді. 1985 жылғы ер адамның бетон зауытында жұмыс істейтіні белгілі. Үйленген, екі ұлы бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer