Алматыда "Алтын Орда" базарының маңында ер адамды қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті 18 желтоқсан 2017, 11:41

Алматыда "Алтын Орда" базарының маңында ер адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға 17 желтоқсанда кешкі уақытта Райымбек ауылына барар жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адамды ашық түсті көліктің жүргізушісі қағып кеткен. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті.
© "Территория происшествий" бағдарламасы