Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда ауыр машина жаcау зауыты өртеніп жатыр 08 сәуір 2014, 20:27

Өрт 18.36-да басталған. Жалын құшағында 150 шаршы метр жер қалған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©СТВ ©СТВ

Алматыда ауыр машина жасау зауыты өртеніп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Департамент мамандары кезекші бөлімге қоңырау 18.36-да келгендігін хабарлады. Оқиға болған жерге келген өртсөндірушілер жалынды 18.59-де сөндірген. "СТВ" арнасының "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісінің ақпараты бойынша өрт болған жердің аумағы 150 шаршы метр, әлі де болса түтеп жатыр. Өрт екінші қабаттан басталған. Жалын өндірістік цех орналасқан ғимараттағы демалыс және архив бөлмелерін жаулап алған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Алматы қаласында орналасқан Алматы облысының статистика департаментінде өрт болған еді. Ол кезде өтр Марков көшесіндегі бес қабаттық ғимараттық шыққан. 100 шақты адам қауіпсіз жерге шығарылған. Салдарынан статистика департаментінің екі бөлмесі жанып кеткен болатын.  

 

 

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті