27 қаңтар 2016 17:41

Алматыда автобус жүргізушілерінің кезекті жол ережесін бұзуын куәгерлер суретке түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматыда қоғамдық көліктердің жол ережесін кезекті рет бұзуын куәгерлер суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жолы жүргізушілер қауіп тудыра отырып, бір-бірімен жолда жарысты.


Алматыда қоғамдық көліктердің жол ережесін кезекті рет бұзуын куәгерлер суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жолы жүргізушілер қауіп тудыра отырып, бір-бірімен жолда жарысты.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 27 қаңтар күні сағат 10.36-да Абай даңғылының Манас көшесімен қиылысы маңында болған. "Алматыдағы автобус жүргізушілері (№118 және №34) апат қаупін тудыра отырып, қарсы бағыттағы жолға шығып, бір-бірімен жарысады", - деді куәгер. Алматы облысы ІІД кадрлардың тексеріліп жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, мұндай жағдай соңғы кезде қалада көптеп қайталанып жатыр. Бұған дейін Алматыда автобустың адам қағып кеткені бақылау камерасына түсіп қалған еді. Кадрдан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан жолаушыларды көруге болады. Автобустың жақындап келе жатқанын көрген екі адам жолдан тезірек өтіп кетуге тырысты. Дегенмен автобус қызды басып кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети