27 қазан 2015 09:58

Алматыда балалы әйелді көліктің қағып кеткен сәтінің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube кадры YouTube кадры

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қызымен анасын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қызымен анасын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы YouTube порталында Carskz қауымдастығында пайда болды. 

Кадрдан BMW автокөлігінің жаяу жүргіншілер жолағына жақындағанда жылдамдықты төмендетпестен әйел мен қыз баланы қағып кеткенін көруге болады. Қатты соққыдан әйел мен қыз бірнеше рет айналып, жерге құлады. BMW жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен жоқ, ол зардап шеккендерге жүгіріп барды.

Видеоға қалдырылған пікірлерге қарағанда, оқиға 26 қазан күні шамамен 14.30-да Іле даңғыл жолында болған. Әйел мен қыз баланың жағдайы туралы ақпарат жоқ. Алайда Алматы ІІД мен қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаның мән-жайы туралы мәліметті кейінірек беруді уәде етті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети