12 ақпан 2021 11:25

Алматыда барахолканың маңында ер адам қоқыстың астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда барахолканың маңында ер адам қоқыстың астында қалды. Оқиға 11 ақпанда күндіз Алатау ауданында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда барахолканың маңында ер адам қоқыстың астында қалды. Оқиға 11 ақпанда күндіз Алатау ауданында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 15.00 шамасында Алматы құтқару қызметінің пультіне көмек сұрап қоңырау түсті. Қоңырау шалушы Кенжехан базарының артындағы қоқыс полигонында жер жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам құлап кеткенін және көмек қажет екенін айтты.

"Оқиға орнына 109 қызметінің құтқарушылар тобы шықты. Оқиға орнына келген 12 құтқарушы мен екі кинологиялық ит іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Ер адамның денесі табылып, үйінді астынан шығарылды және полиция мен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деді Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети