09 желтоқсан 2016 09:07

Алматыда BMW жүргізушісі ірі жол апатын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда BMW жүргізушісі ірі жол апатын жасады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда BMW жүргізушісі ірі жол апатын жасады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Абай мен Алтынсарин даңғылдарының қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, BMW X5 Абай көшесімен шығыс бағытқа қарай жолақтармен арлы-берлі ауысып жүріп келе жатқан. Қиылысқа жетер тұста жүргізуші Toyota көлігін соғып, оның терезесін жұлып кеткен. Осыдан кейін ол ВАЗ-2114 автомобилінің артынан соққан. Соққыдан жеңіл көлік бетон таситын көлікті соғып, ал BMW X5 басқа бағытқа қарай ұшып кетіп, Renault көлігімен тағы соқтығысып қалған.

Жол апатының салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайы анықтау үстінде.


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети