11 тамыз 2020 15:25

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция дрифт жасаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда полиция дрифт жасаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде видео пайда болған соң тәртіп сақшылары жүргізушіні іздеуді бастаған. Нәтижесінде 1994 жылғы жүргізушінің заң бұзғаны анықталды. Полиция оны ұстап, бөлімге жеткізген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

А вот и полное видео дрифта ?

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

"Тексеріс барысында көліктің заңсыз құралмен жабдықталғаны анықталды. Оған тура ағынды бәсеңдеткіш орнатылған. Күдікті заң бұзғанын мойындады. Ол жолда көңіл көтеру үшін дрифт жасағанын айтты. Сондай-ақ, полиция онымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оған жол ережесін қатаң сақтап жүруге кеңес берді", - дейді Алматы қаласы ДП жергілікті полиция басқармасының басшысы Манап Саттаров.

Ол тәртіп бұзған жүргізушінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің екі бабы бойынша хаттама толтырылғанын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда полиция дрифт жасаған жүргізушіні іздестіріп жатқаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети