22 ақпан 2023 10:57

Алматыда екі "Гелендваген" мен "Шевроле" арасындағы ерегес видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда екі "Гелендваген" мен "Шевроле" арасындағы ерегес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда екі "Гелендваген" мен "Шевроле" арасындағы ерегес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда, бұл Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған.

Екі "Гелендваген" алдымен ақ "Шевроленің" артында сол жақ жолақпен келе жатқаны көрінеді. Содан кейін олар алдындағы көлікке жол беру үшін фараларымен белгі бере бастайды. Бір кезде "Гелендваген" жүргізушілері "Шевроле" көлігін алдынан, бүйірінен қысып, қозғалыста қиындық тудырады.

Қалалық ПД "Гелендвагендегі" құқықбұзушыларды тапты. Көліктерді 33 және 30 жастағы жүргізушілер тізгіндеген.

"Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Mercedes-benz G63 AMG көліктері жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты: 1990 жылы туған азамат К.-ға ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 1993 жылы туған азамат Қ.-ға қатысты – ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, олармен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети