25 сәуір 2018 14:03

Алматыда екі жасар бала отадан кейін көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Росина Павлова жолдаған сурет Росина Павлова жолдаған сурет

Алматыда екі жасар бала шап жарығын алу отасы жасалғаннан кейін көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне баланың анасы Росина Павлова хабарлады. Бала Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде жүрегі тоқтап көз жұмған.


Алматыда екі жасар бала шап жарығын алу отасы жасалғаннан кейін көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне баланың анасы Росина Павлова хабарлады. Бала Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде жүрегі тоқтап көз жұмған.

Мирон Павловтың анасының айтуынша, ота 2018 жылдың 27 наурызында жасалған. Алайда отадан кейін бірнеше сағаттан соң баланың жағдайы нашарлаған.

"Бізге екі жақты шап жарығы деген диагноз қойды. Отаны жекеменшік клиникада жасадық. Отадан кейін хирург маған келіп, отаның жоспарлы түрде өткенін және қазір сәбиді әкеліп беретіндерін айтты. Анестезиолог баламды маған әкелген кезде ол сұп-сұр болды. Бірде бала демала алмай кетті. Қасымда отырған анестезиолог баланы бірден жансақтау бөліміне алып кетті. Меніңше, отадан кейін бірдеңе болған. Олар маған барлығын айтпай отыр. Бес минут уақыттай демала алмаған. Сол кезде баланың миы ісіп кетіп, оны аппаратттан алып тастаған. Бізге басқа дәрігерлер осылай болғанын айтып берді", - дейді баланың анасы.

Анасының айтуынша, бала 24 сәуірде қайтыс болған, алайда дәрігерлер оның өлімі жайлы жақындарына бірден хабарламаған.

"Ол қайтыс болған, бірақ дәрігерлер бізге айтпады. Тек екі сағаттан кейін менің анам жансақтау бөліміне баса-көктпен кірген соң айтты. Миронның жүрегі тоқтап қалғаны анықталды. Оның себебін білмейміз. Бүгін мәйітханаға барлық, сонда осы дәрігерлердің барлығы отырды", - дейді әйел.

24 мамырда Мирон Павлов 2 жасқа толар еді. Оның сыңары қалды.

Әйелдің айтуынша, ол Бостандық аудандық ІІБ мен қалалық прокуратураға арыз жазды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети