19 наурыз 2024 17:31

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.


Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

2024 жылғы 19 наурызда Алматы Алмалы аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану дерегі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).

"Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді", - делінген хабарламада.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге залал келтірілген.

"Соттың үкімі бойынша, үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети