27 қараша 2020 07:38

Алматыда ер адам жедел жәрдем көлігінің алдынан шығып, басын соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматыда ер адам орынсыз қылығымен көзге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ер адам орынсыз қылығымен көзге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде бір жігіттің жедел жәрдем көлігінің алдынан шығып, басын соғып, құлаған сәті түсіп қалған видео жарияланды.

Оқиға 26 қарашада күндіз болған. Ер адамның әрекеті видеотіркеу камерасына түсіп қалған. Видеодан жедел жәрдем көлігі Қазыбек би көшесімен келе жатып, жылдамдығын арттыра бастағанын көруге болады. Алайда жүргізуші Амангелді көшесімен қиылыста жылдамдықты баяулатады, себебі жолға ер адам атып шығады. Көліктің тоқтағанын көрген ол көліктің алдына шығып, басын соғады және құлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Жазбаның астында жедел жәрдем көлігінің астына секірді деп жазылған.

Оқиғаның немен аяқталғаны және ер адамның жарақат алған-алмағаны туралы мәлімет жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети