08 желтоқсан 2020 17:56

Алматыда жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Оқиға Алматыда болған. Видеода жүргізушілер кімге жол беру керегі жайлы дауласады. Жүргізушілердің бірі аулаға кіретін жолды жауып тастаған. Салдарынан басқа көліктер аулаға кіре алмай қалған. Олардың арасында жедел жәрдем көлігі де болған.

Видео авторының айуынша, жолды жауып тастаған көліктің иесі жол ережесін бұзған. Басқа жүргізушілердің пікірінше, оған айыппұл салынуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??ДружнаяИнстаСемья Алматы?️ (@100baksoff)

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 7 желтоқсанда кешке Медеу ауданында болған.

"Достық даңғылындағы аулалардың бірінде Toyota Corolla көлігінің жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл бап бойынша жүргізушіге 10 АЕК, яғни 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети