15 ақпан 2017 13:17

Алматыда жігітімен ұрысқаннан кейін жоғалған 13 жастағы қызды іздеуге еріктілер қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда еріктілер 13 жастағы Алина Зуеваны сауда ойын-сауық орталықтарынан іздеп жүр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың әкесі Борис мәлімдеді.


Алматыда еріктілер 13 жастағы Алина Зуеваны сауда ойын-сауық орталықтарынан іздеп жүр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың әкесі Борис мәлімдеді.

Әкесінің сөзінше, ол 2008 жылы ажырасқан. Соңғы үш айда қыз анасымен тұрып келген. "Ол екінші рет ажырасты да, Алинамен бірге тұрайын деп өтінді. Мен келісім бердім. Сот шешімі бойынша мен жауаптымын. Ол менің үйімде тіркелген. Негізінен менің тәрбиемде болды", - дейді ол.

Жоғалған күні Алина үйде болған және ол күні ешқандай ұрыс-керіс болмаған. "Біз оның қарым-қатынастары мен оқу үлгерімі туралы сөйлестік. Бәрі дұрыс болатын. Ол тамақ әзірлемек болған. Бірақ аяқасты жігітімен кездесуге барып, оған айырылысатынын айтқан", - дейді қыздың әкесі.

Әкесінің айтуынша, 17 жастағы жігітімен Алина Арбаттағы Орталық әмбебап дүкенінде (ЦУМ) кездескен. Бақылау камераларындағы жазбаға қарағанда қыз бен жігіт жанжалдасқан. "Жігітке біреу қоңырау шалып, ол телефонмен сөйлесіп тұрған кезде қыз қашып кеткен. Ол Мақатаев көшесіне жүгіріп шығып, Панфилов көшесінің қиылысында таксиге отырып жатқан қыздарды көріп, өзін ала кетуін өтінген. Қыздар оны ала кеткен. Қазір біз "Яндекс.Таксиден" жүргізушінің нөмірін анықтап жатырмыз", - дейді Зуев.

Әкесінің айтуынша, Алина шашын бояу үшін одан рұқсат сұраған. "Анасы оған бәрін рұқсат ететін. Ол пирсинг пен тату салдырғысы келетін. Бірақ ол менің ашуланатынымды біледі. Сондықтан маған қоңырау шалып, рұқсат сұрады. Мен 18 жасқа дейін пирсинг салдыруға рұқсат бермедім. Сосын ол шашын бояды. "Синий кит" мәселесін де талқыладық. Ол бұл топтың қармағына түскен қыздарды құтқару үшін арнайы тіркелгенін айтқан", - дейді Борис Зуев.

Еске салайық, Алина Зуева үйінен 13 ақпанда 15:30 шамасында кетіп қалған болатын. Қыз SIM-картасын лақтырып тастаған, ата-анасы оны таба алмай отыр. Алинаның бойы 170 сантиметр, орта денелі, көзі көк, шашы иығынан төмен, қызыл түсті. Үстіне қара күрте, қара кардиган және қара түсті аяқ киім киген. Арқасында қара-сары рюкзагы болды. Қыздың ата-анасы ол туралы қандайда бір ақпараты бар адамдарды мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 87071965810, 87071888133.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети