05 мамыр 2016 09:35

Алматыда жоғалған студенттің денесін балгер тауып берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© KTK © KTK

Студент Санжарбек Арзиевтің туыстары оның денесін таныды. Бұл туралы КТК арнасының жасаған сюжетінде айтылады.


Студент Санжарбек Арзиевтің туыстары оның денесін таныды. Бұл туралы КТК арнасының жасаған сюжетінде айтылады.

Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, 23 жастағы студентті іздеуге оңтүстік астанадағы Заман Сыпатаев есімді тұрғын атсалысқан екен. Балгер Санжарбектің туыстарына айтып, судың ағысын тоқтатуды сұрапты.


Балгер Заман Сыпатаев. © ktk.kz

"Кеше өзеннің жағасына барып, онда төрт сағат болғаннан кейін құтқарушыларды шақырып, судың ағысын азайтуды сұрадым. Себебі студенттің денесін осылай табуға болатын еді. Кейін студенттің басынан жарақат алғанын көрдім. Оның басы айналған болуы керек, телефонын да сындырып алған. Содан кейін суға ағып кеткен", - деді балгер.


Есентай өзені. © ktk.kz

Әлеуметтік желідегі парақшасында Заман 3 мамыр күні туыстарының өтінішімен жоғалған студентті іздеуге шыққанын жазды. "Өкінішке қарай, менің болжамым көңіл қуантарлық болмады", - деді ол.

Еске салайық, Алматыда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуірде жоғалып кеткен болатын. 23 жастағы Санжарбектің досының айтуынша, соңғы рет студентті таныстары Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4 шамасында көрген.


Санжарбектің достары оның денесін өзеннің бойынан іздеді. © ktk.kz

Жақындары Санжарбектің табылатынына сенгенімен, олардың үміті ақталмады. Студенттің денесі кеше Есентай өзенінің Рысқұлов даңғылы жағында табылды.


Белгісіз адамның өзенге қарай секіргені түсірілген видеоның кадры. © ktk.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети