Алматыда жол бойында жедел жәрдем қызметкерлерімен жанжал шығарған жүргізуші ұсталды

25 Мамыр 2018, 15:37
0
Алматыда жол бойында жедел жәрдем қызметкерлерімен жанжал шығарған жүргізуші ұсталды -

Алматыда жол бойында жедел жәрдем қызметкерлерімен жанжал шығарған Nexia жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полициядағылардың мәліметінше, Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері 1993 жылғы ер адамды ұстады.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігі бойынша ("Маневр жасау қағидаларын бұзу") , 598-бабының 1-бөлігі бойынша ("Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу") және 434-бабы бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік материалдар жиналды. Материал шешім қабылдау үшін Алматының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберіледі", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ЖПҚ іздестіру бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда Nexia көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойғаны хабарланған болатын. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай