14 қыркүйек 2020 11:34

Алматыда жүгері сатушысының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © instagram/kris_p_almaty Фото: © instagram/kris_p_almaty

Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында жүгері сатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында жүгері сатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полиция қызметкерлері ер адамды заңсыз сауда жасағаны үшін ұстаған.

Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, осыған дейін сатушы рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны және тәртіп сақшыларының талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алайда ер адам тыйым салынған орында қайта сауда жасаған. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалады.

"102 пультіне Дулати көшесіндегі заңсыз жаппай сауда жасау туралы хабар түсті. Оқиға орнына учаскелік инспектор барды. Дерек расталды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде ер адам полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын келтірген. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Бостандық ауданы полиция басқармасыныңи басшысы Дәурен Өтебаев.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Билік өкіліне қарсы күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда сатушының ұсталуы желіде қызу талқыға түскені хабарланған еді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети