22 мамыр 2017 14:58

Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған жолдан бірнеше метр жерде жігітті қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Телеарнаның мәліметінше,қаза тапқан ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жолдың маңынан өтпекші болған.

Оқиға "Қалкаман" ықшамауданы Әуезов көшесіндегі "Алатау" шипажайының аумағында болған. 20 жастағы жігіт жаяу жүргіншілерге арналған жолдан бірнеше метр жерде жолдан өтпек болған. Куәгерлердің айтуынша, осы сәтте оңтүстік бағытта Toyota Camry көлігі келе жатқан. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні байқамай, қағып кеткен. Салдарынан жігіт оқиға орнында қаза тапты.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети