23 қараша 2017 17:46

Алматыда жылу магистралі жарылды: Мектептер мен балабақшалар жылусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы маңында жылу магистралі жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы маңында жылу магистралі жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы ТКШ және энергокешен кәсіпорындарының өкілі Ян Гириннің сөзінше, құбыр жарылғаны 15:40-та хабарланған. 

"Бұл жылу магистралінің диаметрі 800 миллиметр. 1990 жылы пайдалануға берілген. Пайдалану мерзімі аяқталды. Мұндай құбырлар 25 жылға есептелген. Алдын ала себеп - ескіру. Нақты себебі кейін белгілі болады. Жылу беру бірден тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге шығын көлемін анықтау мүмкін емес. Су басқан жерлер болуы мүмкін. Қандай да бір зиян келген болса, бекітілген тәртіп бойынша өтейміз", - дейді ол. 

Ян Гириннің мәліметінше, 100-ге жуық нысанға ыстық су мен жылу беру тоқтатылды. Оның шінде 4 мектеп пен 2 балабақша, дегенмен, басым көпшілігі тұрғын нысандары емес (қоймалар мен өзге де нысандар). Жол жүру тоқтатылған жоқ. 

"Оқиға орнында апаттық бригадалар жұмыс істеп жатыр. Түнгі 2-ге таман жылу қайта беріледі деп юолжап отырмыз", - дейді ол. 

Ян Гириннің айтуынша, бұл жылу магистралін жөндеу жұмыстары 2018 жылға белгіленген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети